1. Осы Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарына бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 13-қосымша
13-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 3-3/1119 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 13-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 13-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
3. Ұлттық тұқымды иттермен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің басты мақсаты және міндеті оларды сақтау, таза тұқымды иттер санын арттыру, олардың жұмыстық және тұқымдық сапасын жоғарылату және жақсарту болып табылады.
Ит өсіру шаруашылығындағы асыл тұқымдық жұмыс ұрпақтарының сапасын, оларды өсіру аймағындағы жағдайларға жоғары бейімделуін жақсартуға, жақсы пайдалануға бағытталған. Асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру клубтардың, питомниктердің және басқа бөлімшелердің аражігін асыл тұқымдық жұмыс деңгейі және міндеттері бойынша ажырата, асыл тұқымдық ресурстарды тиімді құра және пайдалана, тұқымішілік құрылымды есепке ала отырып өсірудің неғұрлым мақсатқа сай әдістерін қолдана отырып, тұқымды толығымен қамтитын селекция принциптеріне негізделген.
4. Қызметтік және аңшылық ит өсіру шаруашылығы клубтарындағы асыл тұқымдық жұмыстың мақсаты қызметтік және аңшылық ит тұқымдары ішінде асыл тұқымды иттерді арттыру, сырт бітімі мен конституция сапасын, жоғары жүйке қызметі (ЖЖҚ) типін, физикалық төзімділігін және иттердің басқа да қызметтік, аңшылық және жұмыс қасиеттерін тұқымда кезігетін кемістіктер мен жетіспеушіліктерді бір мезгілде жоя отырып, үздіксіз жетілдіру болып табылады.
5. Әрбір ит тұқымымен жұмыс жасау оның тұқымішілік типтерін және басқа да өзіне тән қасиеттері мен биологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ онда неғұрлым жиі кезігетін кемшіліктерді білуге негізделеді. Әр асыл тұқымды иттің тұқымға тән жалпы сипаттарымен қатар, жеке ауытқушылықтарын және өзгешеліктерін айыра білу қажет.
6. Иттердің өсімін молайту біртекті, сол сияқты әртекті іріктеуді шығармашылық бағытта қолдана отырып таза тұқымдық (таза) өсіру әдісімен жүргізіледі.
7. Клубтар мен питомниктерде асыл тұқымды желілер жүргізуге жағдай жасайтын, асыл тұқымдық сапалары жоғары иттер саны жеткілікті болған жағдайда, желілер бойынша өсіру қолданылады.
8. Есепте тұрған барлық ересек ит:
1) асыл тұқымды иттер;
2) пайланылатын иттер болып екі санатқа бөлінеді.
9. Асыл тұқымдыларға бонитирлеу сыныптылығын алған иттер жатады. Қалған иттер пайдаланылатын иттер санатына жатады.
10. Асыл тұқымды иттерді өсіру жоспарлы сипатта болады және:
1) осы Нұсқаулыққа;
2) клуб немесе питомник бес жылға жасайтын әр тұқым бойынша асыл тұқымдық жұмыстың перспективалық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Перспективалық жоспардың бір данасы аккредиттелген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығына (бұдан әрі – Қауымдастық) түзету үшін ұсынылады;
3) клуб немесе питомник жыл сайын перспективалық жоспарда есепті жылға көзделген жеке міндеттерді есепке ала отырып жасайтын өсіру жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Өсіру жоспарын клуб немесе питомник (өсіру секциясы) жүргізілген селекциялық іс-шаралар: көрмелер, жас иттерді шығару және бонитирлеу нәтижелерін, асыл тұқымды ит иелерінің қалауларын есепке ала отырып, әзірлейді.
Полная версия

