1. Осы Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және маралдарды және теңбіл бұғыларды бонитирлеуді жүргізуді нақтылайды.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 14-қосымша
14-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 14-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Маралдарды және теңбіл бұғыларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Маралдарды және теңбіл бұғыларды бонитирлеуді бонитерлер-сыныптаушылар жүргізеді.
2-тарау. Маралдарды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
3. Маралдардың бұқалары мен аталық маралдарды панталарды кесу кезеңінде мамыр-шілде айларында бонитирлейді, оларды конституциясының беріктігі, сырт бітімі, тірідей салмағы және жаңа кесілген пантаның, кейіннен консервіленген пантаның салмағы мен сапсы бойынша және дайын панталардың шығымы бойынша бағалайды.
4. Маралдардың бұқаларын бонитирлеуді жыл сайын панталарды кесу кезеңінде маусым-шілде айларында жүргізеді; жас маралдарды енесінен айырғаннан кейін, қараша-желтоқсан айларында мал басын қыстауға қойған кезде 16-18 айлық жаста бонитирлейді.
5. Панталы бұғы шаруашылығында жастық-жыныстық топтар бөлінісінде жануарлар атауларының бірыңғай номенклатурасын пайдаланады: төлі, жас маралдар, аталық маралдар, ұрғашы жас маралдар, маралдардың бұқалары және аналық маралдар. Жас маралдар арасында еркектер (сайкалар) мен ұрғашыларды (саюшкалар) бөледі.
Жастары бойынша топтар мынадай болып бөлінеді:
төл - туылғаннан 6 айға дейін;
жас маралдар-6 айдан 1,5 жасқа дейін;
аталық маралдар мен ұрғашы жас маралдар -1,5 жастан 2,5 жасқа дейін,
маралдардың бұқалары және аналық маралдар - 2,5 жастан ересектер.
6. Маралдардың бұқаларының сырт бітімі мен конституциясын бағалауды жыл сайын жалпы бонитирлеу уақытында жүргізеді.
7. Конституциясы мен сырт бітімін бағалауды бес балдық шәкілмен жүргізеді. Жеке бөліктері қажетті типке сәйкес келуі керек: маралдардың бұқаларында-жыныстық диморфизмының көрінуіне: қуатты кеудесіне, арқасына, белінің және артқы аяқтарының мықтылығына, ең бастысы пантасының пішіні мен дамуына.
8. Осы бөліктерде кемшіліктер болмаған жағдайда маралдардың бұқаларына «бес» деген баға беріледі. Кемшіліктер табылған жағдайда баға 1 балға төмендейді.
9. Қуатты, алты ұшына дейін жуан діңгекті, бөліну тереңдігі 8 см-ден аспайтын панталарды дамытуға жол беріледі. Панталардың құрылысы дұрыс болуы, жеткілікті жуан діңгектері және жақсы дамыған көз үстіндегі, қатты және орташа өсінділер болуы қажет. Артық өсінділер мен айтарлықтай шорлар болмауы керек.
10. Маралдардың бұқаларын бонитирлеу деректері бойынша 4 сыныпқа бөледі: элита, бірінші, екінші және үшінші.
Полная версия

