Близость слов: Окончание:





Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысы
Редакция 23.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 118-бабының төртінші бөлігіне, 221-бабының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидалары бекітілсін.
2. «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 1017 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 474-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
 № 1291 қаулысымен
 бекітілген
Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою,
есепке алу, сақтау, беру және жою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.04.2022 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (06.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 118-бабының төртінші бөлігіне, 221-бабының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес әзірленді және сотқа дейінгі іс жүргізу әрі сот талқылауы барысында заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қоюдың, есепке алудың, сақтаудың, берудің және жоюдың бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім немесе үкiм шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiледі. Бұл ретте:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.04.2020 жылғы № 171 Қаулысына сәйкес (11.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі қылмыстық құқық бұзушылық құралдары және (немесе) заттары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабының негізінде тәркілеуге жатады;
2) өз мүлкінің құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланылғанын білмеген не білуге тиіс болмаған адамға заңды негіздерде тиесілі қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы және (немесе) заты осы адамға кері қайтарылуға жатады;
3) өзге жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралдары немесе заттары тиісті мекемелерге, белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады;
4) ұстауға тыйым салынған немесе ұстауға шектеу қойылған заттар тиiстi мекемелерге берілуге жатады немесе жойылады;
5) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалардың немесе мекемелердің өтінішхаты болған жағдайда, оларға берiлуi мүмкiн;
6) қылмыстық жолмен алынған не заңды иесіне қайтарылуға тиіс мүлік пен одан түсетін кірістерді қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған ақша және сондай қаражатқа сатып алынған өзге де мүлік, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiк және контрабанда заттары соттың шешiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал иелері анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне өтеді. Бұл заттардың тиесiлiгi туралы дау туындаған жағдайда дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешілуге жатады;
7) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар дәлелдемелерді сақтаудың бүкіл мерзiмi iшiнде іспен бiрге қалады не ҚПК-нiң 120-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртiппен мүдделi жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi.
3. Заттай дәлелдемелер, құндылықтар және өзге де мүлік бүлінген, жоғалған жағдайда, келтірілген зиян азаматтық тәртіппен өтелуге жатады.
Полная версия
ИС BestProfi