2014 жылғы 28 тамыздағы № 06-30/484 хатқа
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №146 және «Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 10353 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №146 және «Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлайды.
5-тармақтың бірінші бөлігінің 4-тармақшасын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «4) штатта жоғары инженерлік-техникалық білімі бар (жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелерін қоса бере отырып) және жалпы техникалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл білікті персоналдың болуын растайтын құжаттар, атап айтқайда:
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін сараптамалық ұйым - энергоаудиторлар үшін – штатта құрамында кемінде төрт адам, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша IV және одан жоғары рұқсат тобы бар кемінде бір электр энергетигі және электр қауіпсіздігі бойынша IІІ және одан жоғары рұқсат тобы бар кемінде бір жылу энергетигі бар білікті персоналдың болуы;
үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін сараптамалық ұйым - энергоаудиторлар үшін – штатта құрамында кемінде екі адам, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша IV және одан жоғары рұқсат тобы бар кемінде бір электр энергетигі және электр қауіпсіздігі бойынша IІІ және одан жоғары рұқсат тобы бар бір жылу энергетигі бар білікті персоналдың болуы;
энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды сараптау жөніндегі сараптамалық ұйымдар үшін – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган берген тиісті аттестатты қоса бере отырып, кемінде бір қала құрылысы, жоба алды және жобалық-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшының болуы;».
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ның 5-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) нысанда көрсетілетінін атап өтеміз. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №757 Жарлығының 3-тармағы 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметiне 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар беруді автоматтандыруды аяқтау тапсырылды.
Осыған орай, Мемлекеттік қызметті көрсету нысанын Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес келтіру қажет деп санаймыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, нормативтік құқықтық актіні пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова
Полная версия