Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9904 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 11.09.2015 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және автокөлік құралдарын жөндеу саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Тауарларды, қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Тауарларды, қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 6951104, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 6951104, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Базарлар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0671104, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Базарлар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0671104, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
9) «Автожанармай құю және газ құю станцияларының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0711104, индексі G-003, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Автожанармай құю және газ құю станцияларының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0711104, индексі G-003, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0681104, индексі 1-биржа, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес;
12) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0681104, индексі 1-биржа, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес;
13) «Көтерме сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 3011104, индексі 1-ВТ (көтерме), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес;
14) «Көтерме сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпорынның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 3011104, индексі 1-ВТ (көтерме), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес;
15) «Отын-энергетикалық теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0661104, индексі 1-ТЭБ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес;
16) «Отын-энергетикалық теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0661104, индексі 1-ТЭБ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес.
2. «Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 15 тамыздағы № 174 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылғы 13 қыркйегінде № 8704 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы № 98 (28322) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Полная версия
ИС BestProfi