Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2023
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2023 жылғы № 670 Қаулысына сәйкес 
Редакция 23.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу мөлшері белгіленсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы
19 желтоқсандағы № 1324
қаулысымен бекітілген
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2018 жылғы № 65 Қаулысымен (19.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.06.2020 жылғы № 365 Қаулысына сәйкес (19.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын әрі дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар мынадай спортшылар мен жаттықтырушыларға:
1) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;
2) осы Қағидалардың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға төленеді.
Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға төленеді. Спортшы осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген белгіленген талаптарды қайталап орындаған жағдайда материалдық қамсыздандыру басқа жаттықтырушыға да төленеді.
3. Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
2-тарау. Спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеуді жүзеге асыру тәртібі
4. Материалдық қамсыздандыруды алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі – өтініш берушілер) мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
еңбек кiтапшасы не дене шынықтыру және спорт саласындағы жиырма жыл еңбек өтілін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
еңбек кiтапшасы не жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасау және тоқтау негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама;
өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.
5. Ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі – өтініш берілген сәттен бастап он жұмыс күні.
6. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде материалдық қамсыздандыруды төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы өтініш берушілерге жазбаша түрде хабарлайды.
7. Материалдық қамсыздандыруды төлеу өтініш берушілердің Қазақстан Республикасының шегінде екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына материалдық қамсыздандыруды аудару жолымен жүргізіледі.
Спортшылар мен жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу қағидаларына
қосымша
 Кімге ______________________________________
 (дене шынықтыру және спорт саласындағы
 ___________________________________________
 уәкілетті орган басшысының лауазымы,
 ___________________________________________
 тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 кімнен _____________________________________
 (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 
___________________________________________
 мекенжайы бойынша тұратын
 өтініш берушінің ЖСН_______________________
Өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге өтініш
Маған 
_______________________________________________________________________________________ 
(себебі көрсетіледі) 
_______________________________________________________________________________________ 
байланысты өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуді сұраймын. 
Маған тиесілі соманы 
_______________________________________________________________________________________ 
_______________________________________________________________________________________ 
(банктің аты, банктің есептік шоты, өтініш берушінің жеке шотының нөмірі көрсетіледі) 
_____________________________________________________________________ аударуды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1._________________________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы ______________________________
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 19 желтоқсандағы
 № 1324 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 512-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 702-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері  агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 8, 78-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi