«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысы
Редакция 29.10.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы бекітілсін.
2. «Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1344 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.01.2013 жылғы № 69 Қаулысымен (31.12.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.07.2013 жылғы № 176 (28115) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2014 жылғы № 1327 Қаулысымен (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2014 жылғы № 254 (28477) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1.Жалпы ережелер
1. Осы Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес әзірленген және авиамаршруттарды субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын авиамаршруттар бойынша ішкі тұрақты тасымалдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын, авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшін қажетті кiрiс деңгейін қамтамасыз етпейтін тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2017 жылғы № 722 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.06.2019 жылғы № 435 Қаулысына сәйкес (08.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүзеге асырылатын, авиамаршруттар бойынша халықаралық тұрақты тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
Субсидиялауға әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген бюджеттік субсидиялардың жылдық сомасы шегінде авиатасымал кезінде жолаушыларды, жүкті, поштаны және багажды тасымалдаудан алынған кіріс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы айырма жатады.
Белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстары азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен есептеледі
2. Авиамаршруттарды субсидиялау тәртібі
3. Республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттарды іріктеуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – уәкілетті органның комиссиясы) жүзеге асырады.
Жергілікті бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттарды іріктеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның комиссиясы) жүзеге асырады.
4. Авиамаршруттардың тізбесі әлеуметтік-экономикалық орындылық негізінде қалыптастырылады және уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді.
5. Республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешiмдерiмен айқындалған кiрiс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиамаршруттар төменде көрсетілген критерийлер бойынша қосылады:
Полная версия