Близость слов: Окончание:





Спорттық медицина ұйымдарының құрылымы және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 желтоқсанда № 10020 тіркелді
Редакция 19.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 10-1 бабы 2-тармағының 2)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес спорттық медицина ұйымдарының құрылымы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес спорттық медицина ұйымдарының қызметі туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 02-02-18/198 бұйрығының (№ 7341 нормативтік  құқықтық актілердің мемлекеттік тізімдемесінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушы
__________ Д. Арғындықов
2014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
 2014 жылғы 24 қарашадағы
 № 109 бұйрығына
 1-қосымша
1. Спорттық медицина ұйымдарының құрылымына мыналар жатады:
1)Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері (бұдан әрі – диспансер);
2) Спорт медицинасы және оңалту орталығы (бұдан әрі – орталық);
3) Спорт объектісінің медициналық пукті (бұдан әрі – медициналық пункт).
Полная версия
ИС BestProfi