Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
"Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1435 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 07.10.2020 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы»;
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
«1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.»;
«3. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi уәкілетті органға XML пішімінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналары арқылы жібереді. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) – 9), 11), 12)тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, сондай-ақ қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар уәкілетті органға XML пішімінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналарын немесе уәкілетті органның веб-порталын пайдалану арқылы жібереді.
Электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың XML пішімін уәкілетті орган бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Қаржы мониторингі субъектісі бұрын ұсынған қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы қажетті ақпаратты алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингінің субъектісіне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес электрондық немесе қағаз тасығыштарда қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша сұратылған қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабы 3-1-тармағында белгіленген мерзімде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 3-5-тармақтарында айқындалған тәртіппен жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органнан электрондық тәсілмен қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды алған кезде уәкілетті органға осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.»;
Полная версия