Близость слов: Окончание:





Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 желтоқсанда № 9951 тіркелді
Редакция 22.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-бап 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті (У.Е.Жазылбек):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2).осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Жер-кадастрлық істің құрылымы, құрамы және мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 маусымдағы № 103-П бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5723 тіркелген, 2009 жылғы № 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
4. .Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің вице-министрі Қ.А. Ускенбаевқа жүктелсін.
5.. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 5 қарашадағы
 № 68 бұйрығымен
 бекітілді
Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымы, құрамы және мазмұны
1. Жер-кадастрлық істің келесі құрылымы бар:
2) жер-кадастрлық іске енгізілген құжаттардың тізімі;
3).осы Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымына, құрамына және мазмұнына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық іске түсіндірме жазба;
4) осы Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымының, құрамының және мазмұнының 2-бөлімінде көрсетілген жер учаскесі туралы жер- кадастрлық іске енгізілетін құжаттар.  
2. Жер-кадастрлық істің құрамы және мазмұны
Полная версия
ИС BestProfi