2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 04-2-29/3954 хатқа
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 474 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген қолданыстағы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарға (бұдан әрі – Сертификаттық талаптар) қатысты, сондай-ақ әуе кемелерін жалға алу бөлігінде де елеулі өзгерістерді көздейді.
Қолданыстағы Сертификаттық талаптарда экипажбен де, экипажсыз да жалға алынған әуе кемелеріне қойылатын жалпы талаптар қарастырылғанын атап айту қажет. Бірақ, Жобада әуе кемелерін экипажсыз жалға алу бойынша талаптар ғана көрсетілген.
Жобада ұсынылған өзгерістер, көрсетілген бөлігінде, өзінің қызметінде экипажбен жалға алынған әуе кемелерін пайдалануды жоспарлайтын сертификатталған пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау процесінде ескеруге қажет бірқатар құқықтық және практикалық пайдалану проблемаларына сертификаттайтын уәкілетті органдардың назарын аудару үшін, жалға алу, жүк кемесін жалдау мәселелерін регламенттейтін «Пайдаланушыны инспекциялау, сертификаттау және үнемі қадағалау рәсімдері бойынша басшылық» ИКАО-ның Doc8335 ережелеріне сәйкес келмейді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, әуе кемелерін, әсіресе экипажбен жалға алу жағдайында, ұшу қауіпсіздігін уәкілетті орган тарапынан тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, Жобаға өзгерістерді енгізу бойынша шоғырландырылған позицияны әзірлеу үшін Азаматтық авиация комитетінің, сондай-ақ нарық субъектілерінің қатысуымен кеңес өткізуді ұсынамыз.
Тау-кен және металлургия өнеркәсiбi
комитетінің хатшысы Е. Больгерт
Полная версия

