«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 қаулысы
1. Республикалық мемлекеттік мекеме – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң республикалық мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Ақкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Астрахан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Сандықтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
Полная версия