Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 484 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 желтоқсанда № 9997 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 484 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (бұдан әрі - МЖМБС) әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай айқындаулар пайдаланылады:
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
2. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібі
3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган Заңның 12-бабына сәйкес білім беру деңгейлері бойынша МЖМБС әзірлеуді ұйымдастырады.
4. МЖМБС әзірлеуге қолданыстағы білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» жарлығы негіз болып табылады.
5. МЖМБС әзірлеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы мамандардан құрылған жұмыс тобымен және мүдделі мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдардың, ғылыми ұйымдардың, ғылыми-әдістемелік орталықтардың өкілдерін тарту арқылы, республикалық салалық және кәсіптік қауымдастықтардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi