«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялық және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10069 тіркелді
Редакция 06.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін oн жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 жылғы № 1082 Бұйрығымен (08.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Тізбе өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.02.2016 жылғы № 207 Бұйрығымен (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.10.2016 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (22.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) Тізбе өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.04.2017 жылғы № 218 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Тізбе өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.12.2017 жылғы № 903 Бұйрығымен (19.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Тізбе өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.09.2018 жылғы № 680 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 825 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.05.2021 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2021 жылғы № 648 Бұйрығына сәйкес (24.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.09.2022 жылғы № 504 Бұйрығына сәйкес (15.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.03.2023 жылғы № 163 Бұйрығына сәйкес (07.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 20.05.2025 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Ақтөбе – Атырау.
2. Ақтөбе – Маңғыстау.
3. Алматы – Ақтөбе.
4. Алматы – Атырау.
5. Алматы – Балқаш.
6. Алматы – Достық.
7. Алматы – Жезқазған.
8. Алматы – Қонаев.
9. Алматы – Қостанай.
10. Алматы – Құлсары.
11. Алматы – Локоть.
12. Алматы – Маңғыстау.
13. Алматы – Өзіңкі.
14. Алматы – Өскемен.
15. Алматы – Павлодар.
16. Алматы – Петропавл.
17. Алматы – Сарыағаш.
18. Алматы – Семей.
19. Алматы – Орал.
20. Алматы – Шымкент.
21. Астана – Айсары – Арқалық.
22. Астана – Алматы.
23. Астана – Атбасар.
24. Астана – Атырау.
25. Астана – Достық.
26. Астана – Жезқазған.
27. Астана – Жітіқара.
28. Астана – Қарағанды.
29. Астана – Көкшетау.
30. Астана – Көкшетау – Саумалкөл.
31. Астана – Бурабай Курорты.
32. Астана – Қызыл-Ту – Петропавл.
33. Астана – Өскемен.
34. Астана – Павлодар.
35. Астана – Павлодар – Семей.
36. Астана – Сарыағаш.
37. Астана – Семей.
38. Астана – Орал.
39. Астана – Шымкент.
40. Атырау – Ақсарай.
41. Атырау – Маңғыстау.
42. Қарағанды – Жезқазған – Маңғыстау.
43. Қарағанды – Қаражал.
44. Қарағанды – Қостанай.
45. Қарағанды – Петропавл.
46. Көкшетау – Астана – Ерейментау.
47. Қостанай – Арқалық.
48. Қызылорда – Көкшетау.
49. Қызылорда – Павлодар.
50. Қызылорда – Петропавл.
51. Қызылорда – Семей.
52. Маңғыстау – Ақсарай.
53. Маңғыстау – Семей.
54. Маңғыстау – Орал.
55. Өскемен – Жаланашкөл – Достық.
56. Павлодар – Пресногорьков.
57. Павлодар – Түркістан.
58. Шалқар – Сексеуіл.
Әлеуметтік маңызы бар қатынас қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік маңызы – мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда немесе өзге де өзара қатынастары бар мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;
2) баламасыздығы – ұзақтығы үлкен әрі тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсіздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды біржолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік маңызы – халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қолжетімді деңгейінің сақталуы;
4) қолжетімділігі – азаматтардың қолжетімді балама көлік түрлері жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркін орын ауыстыру, оның шегінен тыс шығу және кедергісіз қайтып келу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Полная версия

