Близость слов: Окончание:





Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 535 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 қазанда № 9770 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 32-бабының 6-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы коса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 мамырдағы № 7630 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 31 қазандағы, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 375-376, 383-384 (27194-27195, 27202-27203, 27204-27206), 2012 жылғы 8 қарашадағы № 388-389 (27207-27208) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):  
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық аппарат құралдарында ресми жариялауды;  
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.  
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірaқ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.  
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 535 бұйрығымен
бекітілген
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидалары
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдеден Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 32-бабының 6-бөлігіне сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне (бұдан әрі - мекеме) азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне және өзге де адамдардың бару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай нeгізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өткізу режимі - арнайы рұқсаттар бойынша мекеменін аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының, кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару), сондай-ақ режимдік объектілердің аумағына ҚАЖ қызметкерлерін, азаматтарды өткізу және болу тәртібін ұйымдастыру жөніндегі ic-шаралардың жиынтығы;  
2) режимдік объектілер - қызмет етуі үшін қосымша қауіпсіздік шаралары орнатылған арнайы объектілер, ұйымдар, мекемелер. Оларға мекемелер және оның аумағы, әкімшілік ғимараттары, құрылыстар, шаруашылық объектілері, сондай-ақ оған іргелес аумақ жатады;  
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі - бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға, сондай-ақ өлім жазасына сотталғандарды ұстауға арналған мемлекеттік мекеме.
Полная версия
ИС BestProfi