«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 224-бабы 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2018
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қаңтарда № 10097 тіркелді
Осы Бұйрықтың орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі атауы өзгермейді ҚР Қаржы министрінің 02.07.2015 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.09.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (02.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 13 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 ж. № 142 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. қоса беріліп отырған Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тізбесі бекітілсін
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.09.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (02.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру департаменті (У. Әмірханұлы) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығымен бекітілген
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесi
Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.09.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (02.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Андорра Княздығы.
2. Антигуа және Барбуда Мемлекеті.
3. Багам аралдары Достастығы.
4. Барбадос Мемлекеті.
5. Бахрейн Корольдігі.
6. Белиз Мемлекеті.
7. Бруней Даруссалам Сұлтанаты.
8. Вануату Республикасы.
9. Гайана Кооператив Республикасы.
10. Гватемала Республикасы.
11. Гренада Мемлекеті.
12. Джибути Республикасы.
13. Доминика Республикасы.
14. Доминика Достастығы.
15. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана).
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.07.2015 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
16. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
17. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 05.09.2016 жылғы № 480 Бұйрығымен (02.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
18. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).
19. Колумбия Республикасы.
20. Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары.
21. Коста-Рика Республикасы.
22. Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).
23. Либерия Республикасы.
24. Ливан Республикасы.
25. Лихтенштейн Княздығы.
26. Маврикий Республикасы.
27. Мавритания Ислам Республикасы.
28. Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
29. Мальдив Республикасы.
30. Маршалл аралдары Республикасы.
31. Монако Княздығы.
32. Мальта.
33. Мариан аралдары.
34. Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).
35. Мьянма Одағы.
36. Науру Республикасы.
37. Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).
38. Нигерия Федеративтік Республикасы.
39. Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
40. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
40-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 жылғы № 139 Бұйрығымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2015 жылы Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
41. Палау Республикасы.
42. Панама Республикасы.
43. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
44. Сан-Марино Республикасы.
45. Сейшель аралдары Республикасы.
46. Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті.
47. Сент-Китс және Невис Федерациясы.
48. Сент-Люсия Мемлекеті.
49. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
1) Ангилья аралдары;
2) Бермуд аралдары;
3) Британдық Виргин аралдары;
4) Гибралтар;
5) Кайман аралдары;
6) Монтсеррат аралы;
7) Теркс және Кайкос аралдары;
8) Мэн аралы;
9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
10) Оңтүстік Георгия аралы;
11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;
12) Чагос аралы.
50. Америка Құрама Штаттары (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
1) Американдық Виргин аралдары;
2) Гуам аралы;
3) Пуэрто-Рико Достастығы;
4) Вайоминг штаты;
5) Делавэр штаты.
51. Суриам Республикасы.
52. Біріккен Танзания Республикасы.
53. Тонга Корольдігі.
54. Тринидад и Тобаго Республикасы.
55. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.
56. Филиппин Республикасы.
57. Француз Республикасы (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
1) Кергелен аралдары;
2) Франциялық Полинезия;
3) Франциялық Гвиана.
58. Черногория Республикасы.
59. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.
60. Ямайка.
Полная версия