Близость слов: Окончание:





Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 ақпанда № 10173 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.09.2022 жылғы № 794 Бұйрығына сәйкес (28.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.10.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 181-6абы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.09.2022 жылғы № 794 Бұйрығына сәйкес (28.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 28.04.2020 жылғы № 21 Бұйрығымен (12.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.09.2022 жылғы № 794 Бұйрығына сәйкес (28.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
2) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
5) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы куәліктің осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
6) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін неке қию (ерлі-зайыптылықты) туралы куәліктің осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
8) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін қайтыс болу туралы куәліктің осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
9) тууды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
10) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
11) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
12) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
13) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
14) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін баланың өлі туғаны туралы анықтаманың осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
15) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
16) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi