Близость слов: Окончание:





Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция 
(Нью-Йорк қ., 2006 жылғы 13 желтоқсанда)
ҚР 20.02.2015 жылғы № 288-V 3аңымен ратификацияланды
Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы барлық мүше мемлекеттер мен бақылаушылардың қатысуы үшін ашық, мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиеттерін көтермелеу және қорғау туралы жан-жақты және бірыңғай халықаралық конвенцияға қатысты ұсыныстарды әлеуметтік даму, адам құқықтары және кемсітпеу саласындағы жұмысқа кешенді көзқарас негізінде және Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Әлеуметтік даму комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып қарау үшін Арнайы комитет құруға қаулы еткен өзінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы 56/168 қарарына сілтеме жасай отырып, сондай-ақ өзінің бұрынғы тиісті қарарларына, оның соңғысы 2005 жылғы 23 желтоқсандағы 60/232 қарарына, сондай-ақ Әлеуметтік даму комиссиясы мен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның тиісті қарарларына сілтеме жасай отырып,
Арнайы комитеттің жұмысына үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қосқан құнды үлесін құптай отырып,
1. Арнайы комитетке Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның жобасын және оған факультативтік хаттаманың жобасын әзірлеуді аяқтағаны үшін ризашылығын білдіреді; 
2. осы қарарға қоса берілген Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны және Конвенцияға Факультативтік хаттаманы қабылдайды, олар 2007 жылғы 30 наурыздан бастап Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде қол қою үшін ашық болады;
3. мемлекеттерді Конвенция мен Факультативтік хаттамаға қол қою және оларды ратификациялау туралы мәселені бірінші кезекті тәртіппен қарауға үндейді және олар жақын арада күшіне енеді деп үміттенеді;
4. Бас хатшыдан Конвенция күшіне енгеннен кейін Конвенцияға және Факультативтік хаттамаға сәйкес қатысушы мемлекеттер Конференциясы мен Комитеттің функцияларын тиімді орындау үшін, сондай-ақ Конвенция және Факультативтік хаттама туралы ақпаратты тарату үшін қажетті персонал мен үй-жай беруін сұрайды ;
5. сондай-ақ, Бас хатшыдан Конвенцияның тиісті ережелерін, атап айтқанда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегілерін ескере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің объектілері мен көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігін көздейтін стандарттар мен басқару бағдарларын біртіндеп енгізуді де сұрайды ;
6. Конвенция және Факультативтік хаттама туралы ақпаратты таратуға күш салуға және оларды түсіндіруге жәрдемдесуге Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі мекемелері мен ұйымдарынан сұрайды және үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарға ұсынады;
7. Бас хатшыдан Бас Ассамблеяға оның алпыс екінші сессиясында Конвенцияның және Факультативтік хаттаманың жай-күйі және осы қарардың «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция» деп аталған тармақшасы бойынша жүзеге асырылуы туралы баяндама ұсынуды сұрайды.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
Кіріспе
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
a) Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған адам отбасының барлық мүшелеріне тән қадір-қасиеті мен құндылығы және олардың тең әрі ажырамас құқықтары бостандықтың, әділдіктің және жалпыға бірдей татулықтың негізі ретінде танылатын қағидаттарды еске сала отырып,
b) Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілерде әрбір адам қандай да болмасын айырмашылықсыз оларда көзделген құқықтар мен бостандықтарға ие деп жариялағанын және бекіткенін мойындай отырып,
c) адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарының жалпыға бірдейлігін, бөлінбестігін, өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығын, сондай-ақ мүгедектерді кемсітпей олардың толық пайдалануына кепілдік беру қажеттігін растай отырып,
d) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге, Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияға, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға, Бала құқықтары туралы конвенцияға және Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға сілтеме жасай отырып,
Полная версия
ИС BestProfi