1. Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді.
Данный документ находится в процессе изменения
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары
Редакция 25.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазлыды ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 жылғы № 310 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қағидалар халықаралық қозғалысқа қатысатын, басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінген көлік құралдарына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.12.2015 жылғы № 999 Бұйрығына сәйкес (02.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және/немесе олардың өкілдіктерімен, консулдық мекемелермен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерімен жұмыс жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы;
2) жоғары сұранысқа ие (тапсырыс берілген) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі – МТНБ) – жеке және заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 26.09.2017 жылғы № 646 Бұйрығына сәйкес (12.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2026 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (10.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 цирфлық белгілері;
автокөлікке бірдей әріптік белгілері бар 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 цифрлық белгі;
автокөлікке бірдей әріптік белгілері бар (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 цифрлық белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда);
автокөлікке кез келген қалаған цифрлық және (немесе) әріптік белгідегі (цифрлық белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 және (немесе) бірдей әріптік белгілерімен);
3) жол қозғалысының шетелдік қатысушылары – 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясына және 1963 жылғы «Консулдық қатынастар туралы» Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге ие, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлері, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетел қатысуымен заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
Полная версия

