Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына 1-қосымша
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары
Редакция 23.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазлыды  ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 жылғы № 310 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді.
2. Қағидалар халықаралық қозғалысқа қатысатын, басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінген көлік құралдарына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.12.2015 жылғы № 999 Бұйрығына сәйкес (02.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және/немесе олардың өкілдіктерімен, консулдық мекемелермен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерімен жұмыс жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы;
2) жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі – МТНБ) – жеке және заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 26.09.2017 жылғы № 646 Бұйрығына сәйкес (12.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
3) жол қозғалысының шетелдік қатысушылары – 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясына және 1963 жылғы «Консулдық қатынастар туралы» Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге ие, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлері, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетел қатысуымен заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
4) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК) – көлік құралының жол қозғалысына қатысуға жіберілгенін растайтын құжат;
5) көлік құралын мемлекеттік тіркеу, оның ішінде көлік құралын бастапқы тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, КҚТК мен МТНБ бере отырып, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстыра тексергеннен кейін уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру рәсімі;
6) көлік құралын бастапқы тіркеу ‒ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 26.09.2017 жылғы № 646 Бұйрығына сәйкес (12.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.05.2020 жылғы № 427 Бұйрығына сәйкес (31.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi