«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 94 қаулысы
Редакция 27.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тиісті аумақтағы аумақтық бөлімшелері медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып белгіленсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысымен (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2015 жылы № 150 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия