Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Қаржы министрінің 25.09.2024 жылғы № 641 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 03.06.2019 жылғы № 533 Бұйрығына сәйкес (30.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.06.2021 жылғы № 555 Бұйрығына сәйкес (26.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.06.2024 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (13.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 4-тарауының 4-параграфын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
________________ Е. Досаев
2014 жылғы 3 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
________________ Қ. Келімбетов
2014 жылғы 4 желтоқсан
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 жылғы № 320 Бұйрығына сәйкес (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.06.2024 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (13.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.03.2020 жылғы № 320 Бұйрығына сәйкес (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.09.2017 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 29.09.2017 жылы тіркелді
мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар);
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен- түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.