Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 23 қаңтарда № 10137 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.05.2020 жылғы № 187/НҚ Бұйрығына сәйкес (23.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2023 жылғы 17 сәуірден бастап күшін жояды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.03.2023 жылғы № 130/НҚ Бұйрығына сәйкес
Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.05.2020 жылғы № 187/НҚ Бұйрығына сәйкес (23.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.05.2020 жылғы № 187/НҚ Бұйрығына сәйкес (23.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі – Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.05.2022 жылғы № 178/НҚ Бұйрығына сәйкес (12.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.09.2022 жылғы № 332/НҚ Бұйрығына сәйкес (23.05.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Қорға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
2. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпымемлекеттік, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығын білдіреді.