2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасын Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-3) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-02/664 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10190 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 жылғы № 18-03/947 Бұйрығымен (03.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2014 жылғы 24 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2014 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2015 жылғы № 4-2/514 Бұйрығымен (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 жылғы № 18-03/947 Бұйрығымен (03.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығымен (26.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2017 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес (16.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2017 жылғы № 248 Бұйрығымен (27.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.06.2018 жылғы № 252 Бұйрығына сәйкес (20.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс және 14.03.2017 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) 11.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.10.2018 жылғы № 427 Бұйрығына сәйкес (12.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірінші репродукция тұқымдарының нормасы (бұдан әрі – норма) – үшінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды себуді аяқтау мақсатымен сорт жаңарту үшін қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының себу нормасын, тұқым өнімділігін және егіс алаңын ескере отырып, есептеу жолымен белгіленген, ауыл шаруашылығы дақылдарының бірінші репродукция тұқымдарының көлемі;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымы – генетикалық айырмашылығы бар ата-енелік нысандар мен гетерозис нәтижесінде ең үздік ата-енелік нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін нысандарды будандастырудан алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс немесе мақта тұқымдары;
3) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімде қамтылған, субсидиялауға өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
Полная версия