Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10410 тіркелді
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-13) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2020 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес (11.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (08.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 жылғы № 7-1/822 Бұйрығымен (16.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2019 жылғы № 9 Бұйрығымен (16.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2020 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес (11.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Заң) 8-бабы 46-13) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібін, сондай-ақ «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынау хаттамаларын) беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (08.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Е-аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – сараптама актілері (сынақ хаттамалары) туралы мәліметтердің орталықтандырылған есепке алынуын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала) орналасқан аумақтық бөлімшелер;