Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 114 бұйрығы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 ақпанда № 10338 тіркелді
Редакция 13.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9892 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларында:
15-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру;
бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру;
Бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін;».
2. Бюджеттік заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Полная версия
ИС BestProfi