Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.04.2018
Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 622 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5446 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 8 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрінің 27.02.2018 жылғы № 306 Бұйрығына сәйкес
Редакция 19.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Дербес шоттарды жүргізу ережелері бекітілсін. 
2. Келесі қосымша бойынша көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д. Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрық ресми жариялғанының бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан шығатын қатынастарға жаратылады.
Қазақстан Республикасының
 Қаржы Министрінің
 2008 жылғы 29 желтоқсандағы
 N 622 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының күшін жоғалтқан кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізімі
1. "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2672 болып тіркелген. 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2714 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының бұйрығына 2004 жылғы 27 қаңтар N 39 бұйрығымен. 
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы тіркеу тізілімінде N 2672 " Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 25 қарашадағы N 606 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік N 3288 болып тіркелген "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 175-176 жарияланған. 
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының м.а. 2005 жылғы 29 шілдедегі N 346 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3801 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 27 қыркүйектегі N 177, 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 178, 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 179, 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 180-181, 2005 жылғы 5 қазандағы N 183 жарияланған. 
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4253 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 4 тамыздағы N 143, 2006 жылғы 11 тамыздағы N 147 жарияланған, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 31 мамырдағы N 283 бұйрығымен. 
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4529 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" N 3 журналында 2007 жылғы наурыздағы 83-бапта жарияланған, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 664 бұйрығымен. 
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5014 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 189 жарияланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 383 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 29 желтоқсандағы
 2008 жылғы № 622
бұйрығымен бекітілген
Дербес шоттарды жүргізу ережелері
Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 16.07.2010 жылғы № 347 Бұйрығымен (29.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз) (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.07.2010 бастап туындайтын қатынастарға қолданылады)
Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.10.2010 жылғы № 526 Бұйрығымен (16.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз) (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) 30.11.2010 жылы № 506-512 (26355) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 
Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.02.2011 жылғы № 98 бұйрығымен (25.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз) (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 04.05.2011 жылғы № 237 Бұйрығымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 23.06.2011 жылы № 88 (1904) „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.03.2012 жылғы № 177 (04.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2012 жылғы № 578 бұйрығымен (29.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 08.07.2014 жылғы № 300 Бұйрығымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Ережелер өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.12.2014 жылғы № 593 Бұйрығымен (08.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi