Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР  Үкіметінің 06.04.2018 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 280-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:  
1. Қоса беріліп отырған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысымен
бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынаарналған акциз мөлшерлемелері
Мөлшерлемелер өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.11.2015 жылғы № 887 Қаулысымен (13.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.09.2016 жылғы № 557 Қаулысына сәйкес (06.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.10.2016 жылдан бастап)
Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2017 жылғы № 144 Қаулысына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2017 жылдан бастап)

Р/с№


 

1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0-2710 12590 0)

Дизель отыны(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0)

1

2

3

4

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (маусым – қазан)

10500

9300

2.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (қараша – мамыр)

10500

540

3.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

0

0

4.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (маусым – қазан)

11000

9360

5.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (қараша – мамыр)

11000

600

6.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

7.

Импорт

4500

540

8.

Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (маусым – қазан)

10500

9300

9.

Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша – мамыр)

10500

540

Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 — бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М — өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 — дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi