Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 94 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 94 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жойылуға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері - мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 шілдедегі № 444 бұйрығы.
2. «Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері - мемлекеттік мекемелері туралы Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 шілдедегі № 444 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 18 шілдедегі № 272 бұйрығы.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің, департаменттері мен дербес басқармаларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығы  
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Көліктегі ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 3 наурыздағы № 123 бұйрығы.
Полная версия
ИС BestProfi