1. Осы Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан, бөгеттер қауіпсіздігі саласында міндетті декларациялауға жататын бөгеттерді пайдаланатын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.
Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар
Қағидалар күшін жойды 2016 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 15.04.2016 жылғы № 224 Қаулысына сәйкес
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуіш гидротехникалық құрылыс;
2) бөгет класы – жобалаудың қолданыстағы нормаларымен регламенттелетін, гидротехникалық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен жауапкершілігі дәрежесін айқындайтын және оның авариясы мен пайдалану бұзушылықтарының зардаптары ескеріле отырып тағайындалатын сапалық-сандық сипаттама;
3) гидродинамикалық авария – гидротехникалық құрылыстағы судың үлкен жылдамдықпен таралуымен байланысты және техногенді төтенше жағдайдың туындау қаупін тудыратын авария;
4) тегеурін шебі – тегеурінді (су қысымын) қабылдайтын сутежеуіш құрылыстардың жиынтығы.
3. Бөгеттер биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне, көлеміне, әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты 4 класқа бөлінеді:
1) I класс – қауіптілігі аса жоғары бөгеттер;
2) II класс – қауіптілігі жоғары бөгеттер;
3) III класс – қауіптілігі орта бөгеттер;
4) IV класс – қауіптілігі төмен бөгеттер.
4. Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызудың негізгі критерийі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын олардың класы болып табылады.
5. Меншік нысандарына қарамастан I, II, III класты бөгеттер декларациялануға жатады.
6. Жобалау ұйымының қорытындысына сәйкес төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіптілік туындататын IV класты бөгеттер де декларациялануға жатады.
7. Бөгеттер класын жобалау құжаттамасын дайындау кезінде жобалау ұйымы белгілейді және ол бөгет параметрлерінің және (немесе) оларды пайдалану шарттарының негізделген өзгерістері болған жағдайда, құрылыс, күрделі жөндеу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, қалпына келтіру және консервациялау сатыларында өзгертілуі мүмкін.
8. Бөгеттің тегеурін шебінің құрамына кіретін негізгі құрылыстардың класы одан жоғары класқа жатқызылған құрылыс бойынша белгіленуі тиіс.
9. Бөгет класын айқындайтын шарттар өзгерген жағдайда, ол міндетті түрде декларацияда көрсетіле отырып, өзгертілген шарттарға сәйкес келтірілуі тиіс.
Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларға қосымша
Биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне байланысты бөгеттер кластары
Құрылыстар |
Жер қабатының типі |
Құрылыстардың класы бойынша биіктігі, м |
|||
I |
II |
III |
IV |
||
1. Жер қабаты материалдарынан жасалған бөгеттер |
А |
80-нен астам |
50-ден 80-ге дейін |
20-дан 50-ге дейін |
20-дан кем |
Б |
65-тен астам |
35-тен 65-ке дейін |
15-тен 35-ке дейін |
15-тен кем |
|
В |
50-нен астам |
25-тен 50-ге дейін |
15-тен 25-ке дейін |
15-тен кем |
|
2. Бетон, темірбетон бөгеттер |
А |
100-ден астам |
60-тан 100-ге дейін |
25-тен 60-қа дейін |
25-тен кем |
Б |
50-ден астам |
25-тен 50-ге дейін |
1-нан 25-ке дейін |
10-нан кем |
|
В |
25-тен астам |
20-дан 25-ке дейін |
10-нан 20-ғе дейін |
10-нан кем |
|
Ескертпелер. |
Әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және пайдалану шарттарына байланысты бөгеттер кластары
Гидротехникалық құрылыс объектілері |
Құрылыстар класы |
1. Су қоймасының көлемі мынадай болған кезде гидротораптардың тежеуіш құрылыстары, млн. м 3 : |
|
1000-нан астам |
I |
200-ден 1000-ға дейін |
II |
50-ден 200-ге дейін |
III |
50 және одан кем |
IV |
2. Бөгетке бекітіп берілген суару алаңы, мың га: |
|
300-ден астам |
I |
100-ден 300-ге дейін |
II |
50-ден 100-ге дейін |
III |
50 және одан кем |
IV |
3. Су берудің жылдық жиынтық көлемі мынадай болған кезде жасалған бөгеттің су қоймасынан су тартуды жүзеге асыратын су тарту құрылыстары, млн. м 3 : |
|
200-ден астам |
I |
100-ден 200-ге дейін |
II |
20-дан 100-ге дейін |
III |
20-дан кем |
IV |
Ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты бөгеттер кластары
Гидротехникалық құрылыстар кластары |
Гидротехникалық құрылыстардың авариясынан зардап шегуі мүмкін тұрғылықты адамдар саны, адам |
Гидротехникалық құрылыстардың авариясы кезінде тыныс-тіршілік жағдайлары бұзылуы мүмкін адамдар саны, адам |
Гидротехникалық құрылыстардың иесі шегетін залалды есепке алмағанда, ықтимал материалдық залал мөлшері, млн. ЕТЖ |
Гидротехникалық құрылыстардың авариясы нәтижесінде туындаған төтенше жағдайдың таралу аумағының сипаттамасы |
I |
3000-нан астам |
20 000-нан астам |
50-ден астам |
Қазақстан Республикасының екі және одан көп облысының шегінде |
II |
500-ден 3000-ға дейін |
2000-нан 20000-ға дейін |
10-нан 50-ге дейін |
Қазақстан Республикасының бір облысы аумағының шегінде (екі және одан көп аудан) |
III |
500-ге дейін |
до 2000-ға дейін |
1-ден 10-ға дейін |
Бір аудан аумағының шегінде |
IV |
|
|
1-ден кем |
Бір аудан аумағының шегінде |
Ескертпе. Гидротехникалық құрылыстар авариясынан болатын ықтимал залал жобаны әзірлеу кезінде айқындалады. |