Близость слов: Окончание:





Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10363 тіркелді
Редакция 02.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 6-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_______________Ә.Ө. Исекешев
2015 жыл 30 қазан
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 қантардағы
№ 33-бұйрығымен бекітілді
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.04.2021 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (21.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Магистральдық газ құбырларын пайдаланудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22-маусымдағы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9-қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Магистральдық газ құбырын пайдалану тәртібін анықтайды, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қамтиды.
1-1. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 02.04.2021 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 23.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) газ айдау агрегаты – құрамына газ компрессоры (айдағыш), жетек (газтурбиналық, электрлік, поршенді) және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті жабдық кіретін қондырғы;
2) газ бұру құбыры – тарату және магистральдық газ құбырларынан қалалардың, елді мекендердің немесе жекелеген тұтынушылардың газ тарату станцияларына дейін газ беруге арналған газ құбыры;
Полная версия
ИС BestProfi