Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2019
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 101 бұйрығы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10399 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1307) және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында, 2007 жылғы, сәуір-мамырда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулықта:
«1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын, қайта тіркелетін, таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару жөніндегі қызметін нақтылайды.»;
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.»;
4-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрлікте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттары, сондай-ақ, өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісін (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тіркеу туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады және нотариалды куәландырылады.»;
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.»;
«17. Республикалық діни бірлестіктер тіркелген күннен бастап бір жыл өткенше мәртебесін растау үшін, Министрлікке олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Аталған талаптарды орындамаған жағдайда, республикалық діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.»;
«4) тіркелген күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде БСН бере отырып заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді жүргізу туралы хабарламаны мемлекеттік кіріс органдарына жібереді.»
32-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға осы Нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді.
Полная версия
ИС BestProfi