Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 жылғы № 1250 Бұйрығына әсйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2011жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 77 бабына және 46-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 жылғы № 1250 Бұйрығына әсйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату және қаржы мониторингі органының қарамағына алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының (бұдан әрі – Комитет төрағасы) немесе аумақтық қаржы мониторингі органының уәкілетті басшысының (бұдан әрі – уәкілетті басшы) бұйрығымен күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
3. Тиісті қаржы мониторингі органының қарамағанда тұрған тұлғаны лауазымға тағайындау күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде, бірақ лауазымнан босатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей жүргізіледі.
4. Қарамағындағы тұрған қызметкерге оны лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданғанға дейін жұмысқа шығады және қызметкер қарамағына қабылданғанға дейін қызмет өткерген бөлімше басшысының тікелей бағынысында болады, тікелей басшының тапсырмаларын орындайды және қойған міндеттерін орындайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 жылғы № 1250 Бұйрығына әсйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қарамағында тұрған қызметкерге тиісті қаржы мониторингі органның белгіленген күн тәртібі толық көлемде қолданылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 жылғы № 1250 Бұйрығына әсйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қарамағына қабылданған қызметкердің жұмыс уақытын бақылауды және есепке алуды қызметкер қарамағына қабылданғанға дейін қызмет өткерген бөлімше басшысы жалпы негіздерде жүзеге асырады.
Қарамағындағы қызметкердің қаржы мониторингі органы орналасқан аумақтан тыс шығуы Комитет төрағасының немесе уәкілетті басшының келісімімен баянат негізінде жүзеге асырылады.
6. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының уақыты үшiн ақшалай қаражат, қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
7. Қызметкердiң қаржы мониторингі органының қарамағында болу уақыты қызмет өтiлiне, біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
8. Қаржы мониторингі органының қарамағында тұрған қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол Заңда көзделген негіздеме бойынша қызметтен босатуға жатады.
9-тармақ алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 жылғы № 1250 Бұйрығына әсйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, біліктілік сыныбы, бұрын атқарған лауазымы, атқарып отырған лауазымынан босату және қарамағына қабылдау туралы бұйрықты кім шығарды, оның күні мен нөмірі
Қарамағына келу мерзімі саналмайтын негіздеме («Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 46-1-бабының 3-тармағының төртінші бөлігі)
Қарамағына келу мерзімін ұзарту туралы Комитет төрағасының, уәкілетті басшының бұйрығының күні мен нөмірі
Жұмысқа шығу немесе шықпау туралы мәлімет
Ұсынылған лауазыммен келісу немесе келіспеу туралы мәлімет. Тағайындау не жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні мен нөмірі