Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
6-қосымша
8-қосымшаның оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 28 қантардан бастап ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес
Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қағидалар «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 42-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкер) дербес деректері бар жеке істерді жүргізу тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік кірістер органдарында жеке іс қызмет өткеру жері бойынша бір данада жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) қызметкерлерінің, сондай-ақ аумақтық органдар басшыларының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарларының жеке істерінің түпнұсқаларын Комитеттің адам ресурстары бөлімшесінің (бұдан әрі – кадр қызметі) жұмыскерлері жүргізеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.09.2017 жылғы № 582 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Жеке іс қызметкердің қызметтік және қоғамдық қызметін сипаттайтын материалдар жинақталатын негізгі құжат болып табылады. Жеке істе: қызметкердің мемлекеттік органдардағы, азаматтық ұйымдардағы еңбек қызметі, Қарулы күштерде, басқа әскери құрылымдарда, құқық қорғау органдарында қызмет өткеруі, сондай-ақ өмірбаяндық және өзге де деректері көрсетіледі.
4. Жеке істің материалдары қызметкерді қызметте пайдалану туралы мәселелерді шешу, біліктілік сыныптарын белгілеуге ұсынымдарды, наградтау, сондай-ақ зейнеткерлікке шығу құқығын беретін еңбек сіңірген жылдарын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызмет өтілін есептеу, еңбек еткен жылдары үшін қосымша демалыс беру, қызметкер жұмыстан босатылған кезде бір жолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ, қаржы мониторингі органдарының ведомстволық ерекшелеу белгілерімен наградтау үшін арналады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Құқық қорғау немесе әскери қызметті өткерген (өткеріп жатқан) азаматты (қызметкерді) қабылдау (ауысу) кезінде азаматтың (қызметкердің) құқық қорғау немесе әскери қызметті өткерген (өткеріп жүрген) мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының сұратуы бойынша құқық қорғау органының мекенжайына қызметкердің сіңірген еңбегінің есебі, қызметтік тізімінің көшірмесі, соңғы аттестаттау бойынша қорытындысы және қызметтік әрекетін сипаттайтын басқа да материалдар жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің жазбаша нысанда білдірген келісімінсіз оның дербес деректерін үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
7. Қызметкердің жеке ісінде және есепке алу құжаттарында қамтылған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады. Жеке істерге «құпия» деген гриф қойылады. Басқа қызметкердің дербес деректерін алуды, сақтауды, өңдеуді, пайдалануды және беруді реттейтін нормалардың бұзылуына, сондай-ақ осындай деректердің жоғалуына немесе жария болуына кінәлі қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылыққа болады.
8. Қаржы мониторингі органдарында қызметкердің дербес деректерін алу, сақтау, өңдеу, пайдалану және беру кезінде мынадай талаптар сақталады:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) қызметкердің дербес деректерін өңдеу қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеруіне, оқуына және лауазымдық өсуіне ықпал ету, қызметкердің жеке басының және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ оған тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, лауазымдық міндеттерін атқару нәтижелерін есепке алу мақсатында жүзеге асырылады;
3) қызметкердің дербес деректерін заңсыз пайдаланудан немесе жоғалтудан қорғау Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен көзделген тәртіппен қаржы мониторингі органының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
9. Әрбір қызметкерге Қағидаларға 1-қосымшада бекітілген нысан бойынша жеке іс қалыптастырылады. Қызметкердің жеке ісін қалыптастыру кандидаттың қаржы мониторингі органдарына қызметке қабылдау туралы өтінішіне оң бұрыштама қойылғаннан кейін басталады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Жеке іс осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бес бөліктен тұрады:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.09.2017 жылғы № 582 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
бірінші бөлімде: осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы қызметтік тізім, қызмет өтілін анықтау жөніндегі комиссияның қорытындысы, қызметінің жеке кезеңдерін растау туралы қорытындысы сақталады;