Близость слов: Окончание:





Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10401 тіркелді
Редакция 03.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.02.2021 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (16.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 3 ақпандағы
 № 71 бұйрығымен
 бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 жылғы № 751 Бұйрығына сәйкес (03.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 жылғы № 781 Бұйрығына сәйкес (29.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.11.2019  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.
2. Осы Қағидаларда Заңда айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.03.2017 жылғы № 153 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
қазынашылық сүйемелдеу – қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде құрылыс объектілерімен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын, жобаның барлық қатысушыларымен – мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен салықтарды толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау.
2-тарау. Инжинирингтік қызметтерді ұйымдастыру
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.10.2019 жылғы № 781 Бұйрығына сәйкес (29.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.11.2019  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны (бұдан әрі – сарапшы) не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды (бұдан әрі – ұйым) тартқан кезде осы Қағидаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарын басшылыққа алады.
3-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы техникалық қадағалауды «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар жүзеге асырады.
2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.10.2016 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi