Близость слов: Окончание:





Дериваттар тізбесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10489 тіркелді
Редакция 14.12.2015 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-14) тармақшасына және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
 2015 жылғы 16 ақпандағы
 № 18-03/105 бұйрығымен
 бекітілген
Дериваттар тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 жылғы № 18-03/947 Бұйрығымен (16.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды

1. Өсімдіктер туындысы

1

Ағаш безі

2

Баданалар

3

Бүршік

4

Жеміс

5

Қосалқы сүрек ресурстары (материалдар)

6

Өркендер

7

Саңырауқұлақтар

8

Тамыр, тамырсабақ

9

Тұқым

10

Түйіндер

11

Шайыр және ағаш шырындары

2. Өсімдіктерден және олардың туындыларынан өндірілген өнім

1

Ағаш көмірі

2

Ағаш өнімдері

3

Гербарийлер

4

Жабайы өсімдіктерден алынатын май

5

Жиһаз бөлшектері

6

Өркеннен алынған шыбықтар

7

Кәдесыйлық бұйымдар

3. Жануарлар туындысы

1

Май

2

Уылдырық

3

Тері

4

Қан

5

Аю өті

6

Балықтың жыныстық бездері (гонадалары)

7

Мүйіз және тұяқ

8

Су омыртқасыздарының жұмыртқалары

9

Жұмыртқа

4. Жануарлардан және оның туындыларынан өндірілген өнім

1

Галантериялық бұйымдар

2

Медициналық препараттар

3

Кәдесый бұйымдары

4

Тұлып

5

Зергерлік бұйымдар

Ескертпе: Дериваттар тізбесі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның талаптарын орындау үшін әзірленген.
Полная версия
ИС BestProfi