«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 118-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 192 Қаулысымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2015 № 71(28549) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.09.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 988 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 506-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысымен бекітілген
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлері
Мөлшерлер өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 192 Қаулысымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2015 № 71(28549) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде істің санатына байланысты төленетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы мынадай тәртіппен белгіленеді:
1) мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:
60 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;
60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;
300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 15 пайызы мөлшерінде;
1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;
5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;
10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса - өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;
20 000 АЕК-тен жоғары болса - өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде;
2) мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:
шығару және (немесе) үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға және (немесе) оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша - жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;
талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 10 АЕК, заңды тұлғалардан 20 АЕК;
2-тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2020 жылғы № 569 Қаулысына сәйкес (02.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы – жеке тұлғалардан ай сайын 20 АЕК мөлшерінде;
2-тармақша төртінші абзацпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.09.2020 жылғы № 569 Қаулысына сәйкес (өзгерту 25.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:
алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде тоқсан сайын.
Пайда болған берешекті өндіріп алу кезінде жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу осы жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескертпе: өндіріп алу сомасы — атқарушылық құжатта көрсетілген ақшалай талаптың не өндіріп алушы мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талаптың бір бөлігінің мөлшері.
Ескертпе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.09.2015 жылғы № 732 Қаулысына сәйкес (03.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2015 жылы № 174 (28652) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.
АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.
Баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алушы мен борышкерге тең үлестермен жүктеледі.
Ескертпе төртінші абзацпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.09.2020 жылғы № 569 Қаулысына сәйкес (өзгерту 25.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтініш жасаған тараптан өндіріп алынады. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеген және талап қоюдан бас тартылған тұлғадан өндіріп алынады. Талап қанағаттандырылған жағдайда жеке сот орындаушысының талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша қызметіне ақы төлеу өзіне қатысты қамтамасыз ету шаралары қабылданған тұлғадан өндіріп алынады.
Ескертпе бесінші абзацпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.09.2020 жылғы № 569 Қаулысына сәйкес (өзгерту 25.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия