Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Сот сараптамасы орталық зертханасы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 800 Қаулысы
Редакция 16.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Сот сараптамасы орталық зертханасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
2. Мыналар Мекеме қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын:
1) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асыру;
2) патологоанатомиялық диагностика, цитологиялық зерттеулер, химия-токсикологиялық зерттеулер жүргізу;
3) талдамалық және диагностикалық жағынан неғұрлым құнды зерттеулердің жаңа әдістерін меңгеру.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес (04.08.2010 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi