Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10461 тіркелді
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.11.2021 ж. № 1194 Бұйрығына сәйкес (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.12.2015 жылғы № 662 Бұйрығымен (11.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.11.2021 ж. № 1194 Бұйрығына сәйкес (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Этил спиртін мен алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі – өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы немесе ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспортында (бұдан әрі – паспорт) мынадай:
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі мен берілген күні, куәлікті немесе анықтаманы берген органның атауы;
4) өндіруші басшысының деректері (өндірушіде өндіріс басшысы болған кезде оның деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қызметтік телефоны мен факсының нөмірін) көрсету керек);