Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10496 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 жылғы № 513 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 06.08.2025 жылғы № 311 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 жылғы № 513 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары
Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 жылғы № 513 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары) сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша жұмыстарды орындауға сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.
1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 06.08.2025 жылғы № 311 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
басқа да жоғары білімінің және мемлекеттік және (немесе) кәсіби өртке қарсы қызметтерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды тікелей орындаумен кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;