Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 72 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10547 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 276) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (11.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
1. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 276) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері – электр берудің қолданыстағы желілеріне қосымша Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектілері салған және/немесе салуды жоспарлаған электр беру желілері, ол бойынша электр энергиясының қалыпқа түскен сапасы және сенімділік деңгейі бар электр энергиясын ұсыну және энергия торабында өзгертілген қуатты бөлу жүзеге асырылады;
2) электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығы – авариялық жағдайлар пайда болған кезде тұтынушылардың басым көпшiлiгiн қоректендiрудi қамтамасыз ету немесе электрмен жабдықтауы энергия жүйесiнiң қалыпты жұмыс режимiн бұзу процесiнде үзiлiп кеткен тұтынушылар бөлiгiн қоректендiрудi қалпына келтiру үшiн қажеттi негiзгi желiнiң бiрыңғайлылығын сақтай отырып, электр жүйесiнiң авариялық жағдайларға қарсы тұру қабiлетi;
3) электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулер - жүйелiк оператордың тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенiмдiлiгi мен тұрақтылығының шарттық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында атқаратын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенi.
2-тарау. Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету тәртiбi
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (11.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
3. Жүйелiк оператордың қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерiн салған электр энергиясы нарығының субъектiлерiн электрмен жабдықтау сенiмдiлiгi мен тұрақтылығы бойынша қызмет көрсету:
1) Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикалық жүйесi электрлiк қосылыстар схемаларын тұтастай және оның маусымдық кезеңдерде тән жекелеген бөлiктерiн таңдауды;
2) қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерiн салған және пайдаланатын тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ететiн ұлттық электр желiсiнiң қолданыстағы электр беру желiлерiн тиiсiнше техникалық жағдайда ұстауды;
3) жүйелiк оператордың диспетчерлiк орталықтары бақылайтын желiлердегi кернеудi реттеудi және электр желiлерiнiң бақылау нүктелерiндегi кернеу кестесiн әзiрлеудi;
6) жалпы жүйелiк аварияға қарсы автоматиканы әзiрлеудi және енгiзудi, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларының пайдаланылуын бақылауды, оларды баптау параметрлерiн келiсудi;
8) Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикалық жүйесiнiң iргелес мемлекеттердiң энергетикалық бiрлестiктерiмен қатарлас жұмыс жағдайында электр энергиясының ағындарын басқаруды;
4. Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жүйелiк оператор мен электр энергиясы нарығының субъектiлерi арасында жасалатын шарттардың негiзiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерге арналған шарт қызмет көрсету тәртiбi мен талаптарын, сондай-ақ осы қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу тәртiбi мен талаптарын, тараптардың шартта көзделген талаптарды орындамағаны үшiн жауаптылықты, сондай-ақ мына талаптарды қамтуы тиiс:
1) жүйелiк оператордың электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған өкiмдерiн, сондай-ақ жүйелiк оператордың автоматты жиiлiк жүктемесiнiң, жиiлiктiк автоматты қайта қосудың, жүктеменi ажыратудың арнайы автоматикасының көлемдерi мен құрылғылары бойынша өкiмдерiн орындау;
2) шағын станциялар мен желiлердiң негiзгi жабдықтарын, релелiк қорғау, аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, диспетчерлiк-технологиялық басқару құралдарын жөндеуге арналған өтiнiмдердi пысықтау кезiнде жүйелiк оператордың берген өкiмдерiн iске асыру;
3) электр энергиясын өндiру мен беру кезiнде технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға және оқшаулауға бағытталған жүйелiк оператордың өкiмдерiн орындау;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (11.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
4) жүйелiк оператордың диспетчерлiк орталықтың жедел басқаруындағы бастапқы жабдықтарды, релелiк қорғау, автоматика және аварияға қарсы автоматты құрылғыларды, телемеханика мен байланыс құралдарын пайдалану жөнiндегi өз персоналының iс-әрекетiн үйлестiру.
6. Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша көрсетiлген қызмет үшiн ақы төлеудi осы қызметтердi тұтынушылар қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес олардың тұтынған электр энергиясының нақты мөлшерi тұрғысынан жүргiзiледi.
7. Көрсетiлген қызметтер үшiн төлемақы мөлшерi белгiленген тарифтi электр энергиясын тұтыну жүзеге асырылған желiлердiң кернеу сыныбы мен тиесiлiлiгiне қарамастан, электр энергиясын жеткiзудiң-тұтынудың нақты теңгерiм деректерi бойынша анықталған электр энергиясының көлемiне көбейту жолымен айқындалады.
8. Жүйелiк оператор электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету және осы қызмет көрсетуге арналған шарттармен, осы Қағидалармен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен көзделген өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезiнде:
2) бiрыңғай электр энергетикалық жүйесiне қосылған субъектiлердiң релелiк қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құралдарын орналастыру және орнату, сондай-ақ оларды ретке келтiру параметрлерiн өзгерту жөнiндегi нұсқауларды орындау мониторингiн жүзеге асырады.