Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 113 бұйрығына
 1-қосымша
Редакция 26.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10507 болып тіркелген) бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерге сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында байқау кеңесін енгізу немесе байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) тиісті шешімі қабылданғаннан кейін он жұмыс күн ішінде тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):
байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесін шақыру және отырыс өткізу тәртібін бекітеді;
осы бұйрықпен бекітілген байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді конкурстық іріктеуді бастайды;
Байқау кеңесінің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесінің мүшесін конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бекітеді.
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болады және бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жегжаттық қатынастарда болмайтын бес және одан да көп адамды құрайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (24.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің штатына кірмейді.
Денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарындағы байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болып табылады.
Байқау кеңесінің құрамына осы бұйрықпен бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласындағы уәкілетті органның өкілі кіреді.
Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
5. Байқау кеңесінің құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) өкілдері және осы бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес конкурстық негізде сайланатын адамдар кіреді.
6. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
Полная версия
ИС BestProfi