Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10545 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.01.2017 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2017 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (20.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.07.2020 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес (20.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 27.05.2025 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.08.2022 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (30.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.01.2017 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2017 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (20.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.07.2020 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес (20.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Норматив жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.01.2017 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Норматив тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2017 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (20.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Норматив тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.07.2020 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес (20.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін республикалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.07.2020 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес (20.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерінде белгіленеді.
3. Қылмыстық-атқару жүйесі және сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында өндірістік қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 2015 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша 0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2022-2027 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 1 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2020 жылғы № 15 Бұйрығына сәйкес (12.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2022 жылғы № 77 Бұйрығына сәйкес (22.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2024 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес (17.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 2021-2022 жылдардың қорытындысы бойынша 1 пайыз мөлшерінде және 2023 жылдың қорытындысы бойынша 50 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Норматив 5-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2017 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2020 жылғы № 15 Бұйрығына сәйкес (12.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.07.2020 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес (20.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.08.2022 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (30.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.11.2023 жылғы № 177 Бұйрығына сәйкес (31.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2023-2025 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 0,5 % мөлшерінде белгіленсін.
Осы Норматив 6-тармақпен толықтырылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2024 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)