Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10404 тіркелді
Тақырып жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2017 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 30.07.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен олардың прекурсорларының және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2017 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 26 қаңтар
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 26 қаңтардағы
 № 32 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидалары
Тақырып өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2017 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжат мәтініндегі "мен прекурсорларды", "мен прекурсорлар", "мен прекурсор", "мен прекурсорлармен" деген сөздер "мен олардың прекурсорларының", "мен олардың прекурсорлары" "мен олардың прекурсоры"; "мен олардың прекурсорларымен" деген сөздермен ауыстырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2017 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.09.2018 жылғы № ҚР ДСМ-12 Бұйрығымен (01.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.07.2019 жылғы № ҚР ДСМ-103 Бұйрығымен (07.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 13.08.2019 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.11.2021 жылғы № ҚР ДСМ-108 Бұйрығымен (12.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2023 жылғы № 129 Бұйрығына сәйкес (04.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары және медициналық мақсаттарда пайдалану тәртібін белгілейді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын (бұдан әрі – Тізім).
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында басшылықты, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi – тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшері;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы – құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;
Полная версия
ИС BestProfi