«Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 09.04.2016
Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10471 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 9 сәуірден бастап ҚР Энергетика министрінің 09.02.2016 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 83 бұйрығымен бекітілген
Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1997 жылғы 14 сәуірдегі «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін (бұдан әрі – сәулелену көздері) есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар ядролық материалдармен және сәулелену көздерімен жұмыс iстеу, оларды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, ғылыми зерттеулер жүргiзу, тасымалдау мен орналастыру және Қазақстан Республикасының аумағымен, сондай-ақ экспорттау мен импорттау кезiнде шекара арқылы өткiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Ядролық материалдар мен сәулелену көздерін мемлекеттiк есепке алу және бақылау жүйесі ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар мөлшерiн, олардың табылған жерлерін дәлме-дәл айқындауды, жоғалуын, рұқсатсыз пайдаланылуын және ұрлануын болдырмауды, ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар-жоғы және орнын ауыстыруы, сәулелену көздері мен ядролық материалдардың есептен шығарылуы және көмiлуi, экспорты және импорты туралы жедел ақпаратты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган), ал халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттерге беруді қамтамасыз етеді.
4. Ядролық материалдар мен сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау оларды бастапқы өндіру кезеңінен бастап және түпкілікті көмгенге, пайдаланудан шығарғанға дейін, сондай-ақ олар жоғалған жағдайда оларды бақылауды қалпына келтіру арқылы жүргізіледі.
Ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің болуы мен қозғалысын бақылау, сондай-ақ есепке алу тәртібімен мерзімді түгендеу жүргізу, есеп беру және есепке алу деректерін салыстыру және талдау жолымен жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік есепке алуға және бақылауға:
Полная версия