Близость слов: Окончание:





Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10531 тіркелді
Редакция 21.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 9) тармақшасына, 9-4-бабының 1-тармағының 1), 2), 6), 8), 9), 10), 12), 13) тармақшаларына, 19-1-бабының 4, 5, 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу қағидалары бекітілсін.
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 106 бұйрығымен
 бекітілген
Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 жылғы № 2 Бұйрығымен (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.04.2021 жылғы № 160 Бұйрығымен (өзгерту 28.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Кіріспе. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің энергия өндіруші ұйымдарынан және электр энергиясын жеткізушілерден (өндірушілерден) электр энергиясын сатып алу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығының ішкі субъектілеріне және басқа елдердің тұтынушыларына сату электр энергиясын сату тәртібін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сату болжамды бағаларын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығы тұтынушылары үшін тарифтерді саралау арқылы атаулы қолдауды жүзеге асыру, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шартты тұтынушылар мен білікті тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағалары мен көлемдерін есептеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындарды бөлу, электр энергиясының шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемелерін, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушысына сатып алынған электр энергиясы үшін ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындау, цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу туралы шарттар жасасу жағдайлары мен тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) атаулы қолдау алушылардың тізімі – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға жеке бағалар қолданылатын, электр энергиясын кепілдік беретін өнім берушілер болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері енгізілетін табиғи монополия саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тізім;
2) базалық баға – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын тиісті сағатқа сандық майнинг бойынша қызметті жүзеге асырмайтын және атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілмеген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне сататын баға;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдар әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – 2023жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері шығаратын электр энергиясын сату-сатып алу шарттарының тарапы болып саналатын уәкілетті органмен бекіткен заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi