Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуіріңде № 10679 тіркелді
Редакция 14.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-5) және 18-20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етегін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. Омаров
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/178 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату  
 қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының  18-20) және 18-20) тармақшаларына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату мен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін айқындау тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік орман қорына кіретін, бірақ темір жолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және осы объектілерді қолайсыз табиғат құбылыстарынан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шу әсерін азайтуға арналған басқа да желілік құрылыстардың белдеулерінде орналасқан орман екпелері үшін осы Қағидалар өздерінің қорғаныш функцияларын және оларды пайдаланудың белгіленген тәртібін орындау үшін осы екпелердің мақсаты ескеріле отырып қолданылады.
3. Шекаралық аймақтарда орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату кезінде осы Қағидалар Кодекстің 83-бабына сәйкес айқындалған мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдаланудың ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және өзге де мақсаттарда ағаш кесу тәртiбiмен сүрек босату осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы  30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына (бұдан әрі – Ағаш кесу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 19-1/1124 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандарында және басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда осы Қағидалар Кодекстің 92-бабына сәйкес осы аумақтардың режиміне, орман шаруашылығын жүргізу және ормандарды пайдалану тәртібіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
6. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүректі түбірімен босату толысқан және қураған екпелерде жүзеге асырылады, бұл орайда бірінші кезекте, ағаш кесудің жоспарына қарамастан, өздерінің жай-күйіне қарай (өрт, жел, жауын-шашын, орман зиянкестері, ластайтын заттардың қалдықтары (тастандылары), басқа да қолайсыз әсер етулер салдарынан бүлінген) кесу талап етілетін екпелерді, өткен жылдардан кесілмей қалған ағашты, сөлі алынған сүрекдіңдерді кесу белгіленеді.
Полная версия
ИС BestProfi