Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10450 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) жабдық тобы - жаңарған будың бірдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерінің, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (тозаң көмірлі, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы;
2) жабдықтың кіші тобы - тозаң көмірлі немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын жаңарған будың бірдей параметрлері бар турбоагрегаттардың кез келген типтерінің жиынтығы;
5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу - агрегаттың тораптарының күрделі жөндеулер кезінде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан, конструктивті ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнімділігінің белгіленген қуатқа сәйкес келмеуінен оның белгіленген қуатын мәжбүрлі азайту;
6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу - сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесінің өзгеруі салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуі) іс-әрекетінен агрегаттың белгіленген қуатын азайту;
7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу - режимдік, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиісінше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан іске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтірілген шектеулер;
8) жылу электр станциясы - отынның химиялық энергиясын электр генераторы білігінің айналуын механикалық энергияға айналдыру есебінен электр энергиясын өндіретін электр станция;
14) жылу электр станциясының белгіленген электр қуаты - техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсенді электр қуатының жиынтық мәні;
16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын сатып алу - сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша – осы Қағидаларға 1, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станциясының (бұдан әрі – ЖЭС) жабдықтары топтарының коды, жылу электр станциялары қуатына күтілетін шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) электр энергиясының көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша – осы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды, жылу электр станциялары қуатына күтілетін шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Электр қуатын шектеуді келісу үшін материалдар екі данада беріледі және оны уәкілетті орган олар түскен күннен бастап күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
5. Қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды келіседі немесе құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.
5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Уәкілетті орган электр қуатын шектеуді келісуден бас тартқан жағдайда 15 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы энергия өндіруші ұйымға хабарлайды.
6. Келісуден бас тарту себебін жойғаннан кейін материалдар қайтадан келісуге жіберіледі. Қайта келісу олардың қайта түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
8. Жылу электр станциялары жүргізілген энергетикалық сараптаманың нәтижелері мен нәтижелері бойынша ұсынымдар негізінде электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
10. Қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган бір ай ішінде электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.
Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда 15 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы энергия өндіруші ұйымға хабарлайды.
11. Жылу электр станцияларының белгіленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескісін бөлшектеген немесе жұмыс істеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертіледі.
12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштік агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгіленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады.
13. Буды бөліп алу және қос мәнді номиналды қуаты, бу бөлудің жүктеме режиміне тәуелді жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшін номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептік жұмыс режимінде қамтамасыз етілетін турбинаның ең төменгі қуатының мәні бойынша қабылданады.
Жылу электр станцияларының
электр қуатына шектеулерді және
осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі
іс-шараларды келісу қағидаларына
1-қосымша
1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ескертпе: шетелдік фирмалардың жабдығы будың 60 120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелді қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады.
Жылу электр станцияларының
электр қуатына шектеулерді және
осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі
іс-шараларды келісу қағидаларына
2-қосымша
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Жылу электр станцияларының
электр қуатына шектеулерді және
осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі
іс-шараларды келісу қағидаларына
3-қосымша
3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ
________________басшысы Қазақстан Республикасы
сараптама ұйымның атауы Энергетика министрлігі
________ ______________ _________ ____________
қолы Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә.
Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кіші топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептері бойынша бөле отырып), әрбір жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтірілген.
Жылу электр станцияларының
электр қуатына шектеулерді және
осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі
іс-шараларды келісу қағидаларына
4-қосымша
4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қуатты шектеу жабдығының кіші тобы бойынша негізделетін бірнеше факторлар бір мезгілде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектілігі қуатты шектеудің мынадай басым түрлеріне сәйкес келеді: техникалық, маусымдық, уақытша.
Жабдықтың кіші тобы қазандықтарында олардың бу өнімділігінің төмендеуін (техникалық шектеу түрі) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгілінде салқындатқыш судың температурасының көтерілуіне байланысты (маусымдық шектеу түрі) электр қуатын шектеудің есебі номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетілген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулерді бағалаған кезде жанған өнімдердің атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгілінде вакуумның нашарлауына байланысты кіші топтың электр қуатын шектеу ескеріле отырып есептеледі.
3) жылуды ыстық сумен босатудың күтілетін мәніндігі соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергілікті метеоқызметінің бақылау деректері бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келеді;
4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнін қабылдау олардың өтінімдері бойынша, ал өтінім болмаған жағдайда - өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады;
5) өз қажеттілігіне жұмсалған жылу және электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және есептеу үшін қажетті басқа да көрсеткіштер жабдықтардың нормативтік сипаттамалары бойынша анықталады.
Есептеу кезінде отынның жетіспеушілігінен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзімді нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетін шөгінділердің басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды.
4. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді есептеу өткен жылы орындалған оларды қысқарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі ескеріле отырып орындалады.