Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10549 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 285) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.12.2024 жылғы № 483 Бұйрығына сәйкес (27.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 285) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 23.12.2024 жылғы № 483 Бұйрығына сәйкес (27.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) газбен кептіру - отынды қазандықтың от жанатын майыннан немесе газ жолдарынан алынатын түтінді газбен кептіру, бұл кезде шаң дайындау қондырғысынан шаң-газ қоспасындағы көлемді оттегі концентрациясы (су буының құрамын есепке алмай-ақ) 16 %-дан аспайды;