Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10558 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (29.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабының 5-тармағына, «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 287) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (29.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 30.12.2016 жылғы № 581 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 06.12.2017 жылғы № 432 Бұйрығымен (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 23.07.2019 жылғы № 251 Бұйрығымен (06.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 жылғы № 1 Бұйрығымен (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 29.09.2021 жылғы № 301 Бұйрығымен (06.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 415 Бұйрығына сәйкес (29.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабының 5-тармағына, «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ереженің 15-тармағының 287) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы, біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу тәртібін айқындайды.
2) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қабылдауды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарламаларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;